Мейірім Нұрсұлтанов: «Канеломен» жекпе-жекке шыққым келеді

Бағдарламамыздың кезекті шығарылымында Елордада бой көтерген жаңа жеңіл атлетика кешенін аралаймыз. Садақ ату үйірмесіне барып, бұл спорт түрінің қаншалықты қанат жайғанын анықтаймыз. Еліміздің талантты боксшыларының бірі – Мейірім Нұрсұлтановпен сұхбат құрамыз.

Мейірім Нұрсұлтанов әуесқой бокста айтарлықтай жетістіктерге жете білді. 16 жасында Қазақстан чемпионатында топ жарып, бір жылдан соң Азия жастары арасында жеңімпаз атанды. Ал 19 жасында ересектер арасында Қазақстан біріншілігінде қола жүлдені қанжығасына байлады. Араға екі жыл салып өз салмағында қарсылас шыдатпайтындай деңгейге жетті. Қазір Мейірім – 27 жаста. Соңғы 4 жылда кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-та жаттығып жүр.