Кила Коля. Брейк-данс биінің ерекшілігі

Бүгінгі бағдарламада кекушинкай каратэден елімізде өткен әлем біріншілігіне шолу жасаймыз. Паралимпиадашы-жүзушілердің ашық жаттығуына қатысамыз.

Сондай-ақ ең үздік брейк-дансшы Николай Черниковпен сұхбат құрамыз. Лақап аты – Кила Коля. Ол әлемнің үздік 16 бишісінің тізіміне енеді. Коля жақында ғана әлем біріншілігінен оралды. Халықаралық додада сәтті өнер көрсеткенімен, жеңіске жете алмады. Бағдарламамызда ол бидің бұл түрінің ерекшеліктері жөнінде айтып береді.