Батл кап челлендждің авторы – Фараби Дәулетшин

«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында жүгіру спорты туралы айтамыз. Таэквандодан әлем чемпионы, әйгілі батл кап челлендждің авторы Фараби Дәулетшинмен сұхбат құрамыз.

Сондай-ақ бүгінгі шығарылымда пауэрлифтингтің қыр-сырына қанығамыз.

Достар, жуырда ғана әлеуметтік желілерде челендж таралды. Онда кәсіпқой спортшылар бөтелкенің тығынын теуіп ашқан болатын. Бұл челленджді Джейсон Стетхем мен Джеки Чан сияқты танымал актарлар қолдады. Ал батл кап челлендждің авторы Қазақстанда тұратын қарапайым жігіт екенін көпшілік біле бермейді. Біздің бүгінгі мейманымыз - Фараби Дәулетшин. Ол Фаракикс деген атпен танымал. Фараби – таэквондодан әлем чемпионы, айкидодан қара белбеу иегері.