Жерұйық. Сарыарқадағы ежелгі кеніштер

Біздің ежелгі ата-бабаларымыз кім болған? Қолдарынан не келген? Мыңдаған жылдар бұрын эволюция ұшқынын тұтату үшін қандай қадамдар жасады? Арамызды шекаралар мен уақыт тезі бөліп тұрса да сол замандармен бізді байланыстыратын нендей күш бар? Көктен қарағандағы көрініс өзінің қарқындылығымен, алуандылығымен таңғалдырады. Таулар мен төбелер 3D принтерден басылып шыққандай. Ну орманның шоғыры табиғаттың жомарт қолымен жасылға боялған. Өзендердің көгілдір аңғарлары мен көлдердің күміс көзелері кеңістікке жеңілдік пен қозғалыс береді. Дала көкжиегі шексіздік пен байсалдылықты сезіндіреді. Сарыарқа. Ежелде оның түрлі атауы болатын: Аспазия, Скиф таулары, Дешті Қыпшақ. Бірақ бұл жерді киелі деп санайтын ел үшін Сарыарқа болып қала береді. Сарыарқа осындай бет-бедері үшін ең ұлы сәулетші – табиғатқа қарыздар. Алғашқы жаратылыс кезінде мұнда биік таулар болатын, бірақ күн мен судың, әсіресе, желдің әсерінен заңғар таулар аласарып, желге мүжіліп, шөгіп қалған. Нәтижесінде күтпеген алуан теңеулер тудыратын көріністер пайда болды.