Дуаланған алтын. Сақ қазынасын кімдер іздеді?

Дуаланған алтын туралы ассамблеяда көп сөз болды. Бірақ бәрі бұл әңгімені Петр патшаның құлағына жеткізбеуге тырысты. Қатал патша сөз тасығандарды ұнатпады. Дегенмен алтын іздеуге кеткендер олжасыз оралды, қаншама адам көз жұмды.

Сақ қазынасын кімдер іздеді? Алтын жорығы қалай басталып, соңы немен аяқталды? Көне қабірден табылған бағалы бұйымдар қайда жасырылған? Сақ қорғандарының қарғысы жайлы «Құмсағат» бағдарламасында!