Ертеде өмір сүрген феминист әйелдер қай халықтан шыққан?

Жауынгер әйелдер немесе сарматтар мемлекеті. Соғыс құдайының қызы және жыланаяқты құдай ана. Маңғыстаудың құпия мүсіні және грек ыдысындағы жұмбақ белгілер. Скифтер. Жауынгер әйелдер патшалығы қайда орналасқан? Ертеде өмір сүрген феминист әйелдер қай халықтан шыққан? Олар жай аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ме, әлде расында өмір сүрген бе? Ерлерге қатысты ерекше ұстанымы болған ба? Әйел патшалығын қайдан іздеу керек? Тарихтан орын алған даланың жабайы әйелдері.

Жауынгер әйелдер туралы аңыздан үзінді: «Он жасында оның қолынан көп нәрсе келді, ең бастысы өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жетті. Әрине, қайратты жауынгерлермен иық теңестіре алмады. Дегенмен дәл осы жебелерді қолданатын болса, кімнің жеңіске жететінін дөп басып айту қиын. Қыз бала жымиып, садағының ұшын шағын ыдысқа батырып алды. Уы бар жебе ешкімді тірі қалдырмас».