«Қазақ Квест»: Айдын Жасыбай өз ойынын СЕМЕЙ қаласында жалғастырады

Бұл өлкеде белгілі қазақстандық тұлғалар көп дүниеге келген. Сонымен қатар, бұл жер экологиялық апат аймағы болып та саналады. Семей!

Абай елі деп аталып кеткен Семей – сан қырлы қала. Бір жағынан, бұл – Қазақстан картасындағы маңызды көлік торабы. Сондай-ақ көмір өндіретін, табиғи теріден тон тігетін және тамақ өнеркәсібі дамыған ірі индустриялық орталық. Екінші жағынан – тарихи маңызы бар қала. Мұнда әр қадам сайын сәулет және тарихи ескерткіштер бар.