«Қазақ Квест»: Айдын Жасыбай өз ойынын ПАВЛОДАР қаласында жалғастырады

Павлодар! Қаланың аты кімнің құрметіне қойылды, Қазақстанның ірі өндіріс орталығының бірі саналатын бұл қалада қызыға тамашалайтындай не бар екен, соны біз бүгінгі бағдарлама барысында айтып береміз.

Павлодар — Солтүстік Қазақстанның ірі қаласы, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертістің оң жағалауында, оңтүстік Сібір теміржол магистралінің қиылысында орналасқан. Қала мәртебесіне 1861 жылы 4 сәуірде ие болған. Павлодардың аумағы 400 км2 (шаршы шақырым), ал қала халқы 340 000-нан асады.

Естеріңізге сала кетейік,  Қазақ квест ойынының шарты бойынша Айдын Жасыбай 3 тапсырманы орындап, еліміздің әрбір қаласындағы жасырылған жерді табуы керек.