Саяхатшы Даниэль Джеймс Алматы қаласын аралады

Ол қаладағы көпқабатты үйлерге көрік беріп тұрған суреттер мен стрит-артты зерттеп, қаланың спорттық өмірі жайында әңгімелейді. Шаңғы трамплині кешеніне барып, одан зиплайнмен түсіп көреді, содан соң тауға шығып, Медеудегі денсаулық баспалдағымен көтеріледі. Қалаға соншалықты үлкен бөгеттің не үшін қажет екенін айта отырып, Горельник қайнарына шомылып қайтады.