Композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндеріне арналған шығармашылық кеш

Бүгінгі әңгіменің өзегі жеті нотаны жүректерге жеткізіп, қазақ музыкасын шекара асырып танытқан, мойындатқан, кәсіби табандылығы, адалдығы аңызға айналған композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев және оның шығармашылығы.

Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылық мұрасы орасан бай. Өнерге замандас әріптестерімен салыстырғанда кештеу келсе де, өте сапалы музыка тудырудың арқасында өз биігін бағындырып кетті.

Кеңес ағамыздың өзі ортамызда жүргенде оның әндерін кейбір жерлерде халық әні деп жариялап жіберген кездер болған. Тереңінен ойлап қарасаң бұл аса жоғары баға. Көзі тірісінде классикалық халық композиторына айналуы әрбір өнер адамының арманы болса керек.

Ендеше сол халықтың ықыласына бөленген әндер кезегіне берейік.