Композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған кеш

Бүгінгі кеш қазақ музыкасына XX ғасырдың соңында өзіндік ерекшеліктерімен келіп, халықтың ән мұрасына сазды, назды лирика қосқан композитор, халық әртісі Ескендір Хасанғалиев шығармашылығына арналады.

Ескендір Хасанғалиев шығармашылығы махаббатты жырлайды. Жарына, баласына, туған ел мен жерге, сұлулыққа деген мөлдір махаббатың музыкадағы әдемі көрінісі.

×