«БМ жұлдыздар фабрикасына» арналған шығармашылық кеш

15 жыл бұрын апалы-сіңлілі Баян және Бағым Мақсатқыздары продюсерлік орталықтың негізін қалап, оны нағыз шеберлер шеберханасына айналдыра білді. «Qazaq Golden Hits» жобасының бұл саны «БМ жұлдыздар фабрикасына» арналады. Талантты тез танитын Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова талай қыз-жігіттің жұлдызын жақты. танымал продюсер басқаратын орталық алғашқыда «Shine», қазіргі таңда «BM Production» деп аталады.