Композитор Бейбіт Оралұлының шығармашылығына арналған кеш

Оның әндерін халықаралық байқауда орындаған әнші жүлдеге ие болады немесе ән бірден хитке айналады. «Qazaq golden hits»-тің бұл жолғы кейіпкері – композитор Бейбіт Оралұлы. Бейбіт Оралұлы 1955 жылдың 2-маусымында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келген. Шығармашылық жолында 200-ден астам өлеңге ән жазды.