Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығына арналған кеш

Бүгін біз қазақ заманауи эстрадасы туралы айтқанда айналып өте алмайтын бірегей тұлға, композитор, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықпан Жолдасовпен сұхбаттасамыз.

1992 жылға дейін жас Ұлықпан Жолдасов батыс өңірінің жарық жұлдызы еді. Ал 92 жылы «Алтынай» әні қазақ тыңдарманының назарын бірден өзіне аударды. Кассетадан кассетаға көшіп жүрген әншінің жүзін халық тек 1997 жылы көрді.

2011 жылы құрылған «Заман» тобы Ұлықпан Жолдасовтың кәсіби қырағылығының арқасында дүниеге келген және заманауи эстрадаға нық басып енді.