Виктор Цой қатысқан «Ине» фильмі – қазақстандық режиссердің туындысы

Бүгінгі бағдарламаның кейіпкері – режиссер әрі продюсер Рашид Нұғманов.

Қазақ мемлекеттік политехникалық институтының сәулет факультетін бітіргеннен кейін Рашид Нұғманов Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтына, Сергей Соловьевтің курсына оқуға түседі. 1986 жылдың көктемінде, 2-ші курс оқып жүрген кезінде жас режиссер «Йя-Хху» қысқа метражды фильмін түсіреді, ал 3-ші курс бітіргеннен кейін, оған танымалдық әкелген «Ине» фильмі көрерменге жол тартады.