Мария Мудряк. Италияның танымал опера әншісіне айналған қазақстандық дарын

Бүгінде қазақстандық опера өнерінің шебері Мария Мудряк Италияда тұрады. Сондықтан біз Неапольға арнайы барып, біздің жерлесіміз Мария Мудрякпен сұхбаттасып қайттық.

Мария Мудряк. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Павлодар қаласында дүниеге келген. Алғаш сахнаға 3 жасында шыққан. Әуелде қарым-қабілетін балеттен байқап көрген, эстрадалық әнмен де айналысқан, орфтепианода ойнаған. Бірақ көп ұзамай ұстаздарының кеңесі бойынша академиялық вокалды оқимын деп шешкен.

Небары 10 жаста болғанымен ол оқуын жалғастыру мақсатында анасымен бірге Италияға қоныс аударады.  14 жасында ол Миландағы Джузеппе Верди консерваториясына оқуға түсіп, 4 жылдан кейін оны үздік тамамдайды. Көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты әрі жеңімпазы.