Жүрек жұтқандар: Қазақстандық «Nomad Stants» каскадерлер тобы

Өздері суға да батпайды, отқа да күймейді. Олар кімдер? Неліктен шетелдік киноөндірушілердің таңдауы қазақстандық каскадердерлерге түседі? Атбегілер жылқы атаулының тілін қалай табады?

Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз күн сайын өздерінің міндеттерін атқарып қана қоймай, еліміздің атын дүние жүзіне шығарып жүр. Рухы мықты жандар тәннің адам айтса нанғысыз мүмкіндіктерін паш етуде. Сонымен қарсы алыңыздар, «Nomad Stants» каскадерлер тобы және оның жетекшісі – Жайдарбек Күнгужинов.

Қазақстандық каскадерлер НВО және Нетфликс жобаларының түсіріліміне дайындалып жатыр. Және де Дисней компаниясымен бірлескен жобалары тағы бар. «Шет тіліндегі фильмде трюктерді көрсеткені үшін» категориясы бойынша халықаралық жүлдеге ұсынылған.