Клара Күздембаева: Мен үшін сандардың жаны бар

Аты көпшілікке таныс, психоаналитик, білгілі нумеролог маманы әрі жерлесіміз Клара Күздембаевамен кездесу үшін бағдарламамыздың шығармашылық тобы арнайы Мәскеуге аттанды.

Клара өміріндегі көптеген жетістіктерге өз күшімен жеткен. Айналысып жүрген ісінің хас шебері болғандықтан, ЮНЕСКО еңбегі мен жетістігі үшін Психология докторы деген атақ берген. Кішкентайынан математикаға бейімделіп, кейін зейіні нумерологияға көшеді. «Өйткені адам өмірі сандармен байланысты, тіпті өмір салты да сандарға негізделген. Бізді қоршаған ортаның барлығы – сандар. Сан деп өмір сүремін. Барлығы санмен байланысты», - дейді ол.

Нумерология мен психологияның өміріндегі орны және неліктен дәл осы салаларды таңдағанын Клараның өзі бағдарламада толығырақ айтып, ішкі сырымен бөлісетін болады.