Арман Дәулетияров. Музыкалық телеарна майталманы

Бағдарлама жүргізушісі Алевтина Мадьярова бұл жолы Мәскеуге сапар шегеді. Онда Ресейдің ең ірі музыкалық каналдың бас директоры, біздің қандасымыз – Арман Дәулетияровпен кездесіп, сұхбаттасатын болады.

Арман Елубайұлы 1970 жылдың 12 тамызында Орынбор облысы Тамар Өткел ауылында дүниеге келген. Бүгінде ол – Ресейдің ірі музыкалық арнаның бас директоры және бірнеше музыкалық жүлделердің жетекшісі.

2001 жылы өзінің «Музыкалық бірлік» атты жеке продюсерлік компаниясын ашады. «А студио», «Динамит», Мұрат Насыров және тағы басқа әйгілі топтар мен әртістермен продюсер ретінде жұмыс істеген.

2011 жылы Алматыда өткен Қысқы Азиялық Олимпиада ойындарының жабылу салтанатының бас продюсері болды. Оның қатысуымен «Мәскеудегі Астана күндері», «Ресейдегі Қазақстан жылы», Астанадағы «Алтын диск» фестивалі сынды ірі шаралар өткізілді.

2011 жылы Арман Дәулетияровтың «Мәскеулік Шыңғысханның тарихы» авторлық кітабы жарық көрді. 2012 жылдан бері телеарнаың басқарушы директоры болып қызмет етті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін арнаның бас директоры.

Ал 2015 жылы «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша «Сіздермен бірге, Арман Дәулетияров» бағдарламасының жеті шығарылымы көрсетілді.

Арманның шығармашылық жолы, өнердегі бағыты жайлы білгіңіз келсе, бағдарламамызды толық көріп шығуға кеңес береміз.