Францияда «Қорқыт» мәдени орталығын ашқан қос қазақ қызы

Бүгінгі бағдарламада шығармашылық ұжым Францияның астанасы Париж қаласына аттанады. Онда үйінен жырақ жүрсе де, жетістіктерге жетіп, қазақстандық болып қала бетерін отандастарымыз – Әйгерім Матаева және Әйгерім Ерсайыновамен кездесіп, сұхбаттасатын болады.

Музыка, мәдениетті, Франция мен Қазақстанды шексіз сүйетін қос қазақ қызы жастарға тән батылдық пен құмарпаздықтың арқасында бұрын-соңды болмаған әсті қолға алады. Олар Париждің қақ ортасында Қазақ тілі мен қазақ мәдениеті орталығын ашады. «Қорқыт» деп аталатын орталық бірер жылдан соң жергілікті тұрғындар мен қазақстандықтар үшін танымал бола бастайды.

«Қорқыт» мәдениет орталығының негізін қалаушылар – пианиношы Әйгерім Матаева мен көп аспаздарда ойнаушы Әйгерім Ерсайынованың Франциядағы жетістіктері, шығармашылығы мен орталықты ашу үшін жасаған еңбектері жайлы өздері әңгімелеп беретін болады.