Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ баскетболшы

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболшы Әлжан Жармұхамедовтың аты спорт тарихында аңызға айналды десе қателеспейміз. Өйткені ол – Мәскеудегі әйгілі ЦСКА командасының құрамында және КСРО құрамасында жүріп, чемпиондық атақты баскетболдан 1972 жылы Мюнхен олимпиадасында алған, әлемнің және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО чемпионатының тоғыз дүркін чемпионы.

Ең есте қалар сәттерінің бірі Мюнхен Олимпиадасы американдықтармен финалда ойнап жатқанда, ойын бітуге 3 секунд қалғанда есепті 51:50 жеткізіп, КСРО құрамасы Олимпиада чемпионы атанған. Сол жұлдызды сәтті әлі күнге дейін үлкен мақтанышпен еске алады. Тіпті бұл тарихи оқиға туралы жуырда көрермендер көңілінен шыққан «Движение вверх» фильмі жарыққа шыққан болатын.

Әлжан Жармұхамедов Түркістан облысы, саясат кесірінен Қазақстанның Өзбекстанға берген ауданы Бостандыққа қарасты Табақсай аулында туған. Бүгінде ол екі ұлы және әйелімен Мәскеу қаласында тұрады.

Баскетболмен айналысуды аяқтағаннан соң, Әлжан қандай қызметке бет бұрады? Неліктен жас кезінде полиция қызметкерлерінен қашып жүрді? Әйгілі команда құрамына қалай кірді? Баскетболмен айналысуға не түрткі болды? Оны бағдарлама жүргізушісі Мәскеуге арнайы барып, өз аузынан тыңдап көреді.