Сәулетші Алмас Баймұқанұлы Ордабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы

«Отандастар» бағдарламасының кезекті бөлімінде белгілі сәулетші, бірегей тұлға Алмас Баймұқанұлы Ордабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы баяндалады. Ол – көптеген тұрғын үй аудандары, алаңдар, ескерткіштер, мұражайлар, этнотуристік қалалар секілді нысандардың авторы. Ол көптеген тұрғын үй аудандары, алаңдар, ескерткіштер, мұражайлар, этно-туристтік қалалар секілді нысандардың авторы. Оның туындыларын күніне жүз мыңдаған адам тамашалайды. Алмас Баймұқанұлы Ордабаев 1938 жылы 19 сәуірде Новосібір қаласында дүниеге келген. Кеңес Одағының, Қазақстанның әйгілі сәулетшісі, дизайнер, материалды мәдениет тарихшысы.