Қазақстандық танымал суретші жұп

Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиевтің есімдері ел ішіне ғана емес, шет елдерге де таныс суретшілер. Әрқайсысы өз туындысын түрлі техника мен стильде салғанымен, екеуі бірін-бірі толықтыратын керемет тандем екендігі сөзсіз.

«Бұл кенеттен болған шабыт немесе жаңа бағытты таңдаудағы ұзақ жол» деп дөп басып айту қиын. Қалай болғанда да, Сәуленің пластиктен өнер туындысын жасау туралы идеясы біздің астанамызбен тікелей байланысты. Сәуленің полиэтилен пакеттерден жасалған ең тамаша шығармаларының бірі – елорданың Жетісу саябағындағы «Астана аспаны» деп аталатын туындысы.

Сәуленің жұбайы Қуаныш Базарғалиев 1995 жылдан бастап сурет көрмелеріне белсенді қатысып, көпшілікке тез таныла бастады. 2008 жылы тарихта алғаш рет «Кристис» халықаралық аукционында қазақстандықтардың жұмыстары ұсынылып, сатылымға шығарылды. Қазақстаннан шақырылған 5 адамның арасында Сәуле мен Қуаныш та болды. Қазірдің өзінде Қуаныш Базарғалиев пен Сәуле Сүлейменовалардың ондаған туындылары әлемнің түрлі қаласындағы көрме залдарының көркіне айналып, Қазақстанда қандай талантты адамдар тұратынын әйгілеп тұр.