400 мың шақырымдық 170 елге саяхат жасаған Дмитрий Петрухин

Бүгінгі шығарылымның кейіпкері – кеңестік және қазақстандық байкер саяхатшы, қоғам қайраткері Петрухин Дмитрий Иванович. Ол Қазақстан Республикасының туын көтеріп, жер шарын шарлады. Көптеген қиындықтарды жеңіп, жауын-шашынға қарамай темір тұлпарымен жүздеген шақырымды жүріп өтті. Оны біздің елдің ғана емес, көптеген елдің мотоциклшілері жақсы біледі. 15 жыл ішінде Дмитрий Иванович Петрухин PR мен Қазақстанның имиджін және елдің бірінші басшылығының бастамасымен жүзеге асқан ірі халықаралық жобаларды насихаттау мақсатында 400 мың шақырымдық 170 елге саяхат жасады. Қос дөңгелекпен ғаламды шарлаудың ерекшілігін білу үшін «Pride» ұжымы Дмитрий Петрухинмен кездесті.