Суретші Лейла Ахмет-Османның өміріндегі сиқырлы сандар

«Отандастардың» бұл шығарылымында қазақстандық әрі америкалық суретші Лейла Ахмет-Османның әлеміндегі тасбақамен кездесіп, тілек тілеуге мүмкіндік аламыз және Алматының ескі көшелерін аралап, естеліктерді еске түсіреміз. Ал ең басты тосынсый бізді Медеу мұз айдынында күтіп тұр.

Лейла Ахмет-Осман 1973 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Сиэтлдегі инновациялық дизайн жөніндегі шығармашылық академияның түлегі.