Хаски жегілген арбамен Алтайды аралаған сапар

«Сынақ» бағдарламасының бұл шығарылымы экологиялық туризмнің қысқы түріне арналады. Қазақстанда жақсы атқа ие болып жүрген бірнеше тау-шаңғы курорты бар. Алайда жаңа дүниелерді көргіңіз келсе, не істейсіз?

«Сынақ» түсірілім тобы Алматыдан шыққан саяхатшылармен бірге Алтайға барады. Ит жеккен арбаға мініп, жабайы тайганы аралап қайтпақшы. Осы сапар барысында Оңтүстік Сібірдегі күңгірт қылқанды ормандардың тұмса табиғатын тамашалап, экологиялық туризмнің жаңа түрлерімен және Шығыс Қазақстан облысындағы тайгалық тұрғындардың дәстүрлі тұрмыс-салтымен танысқысы келеді.

Әсел Ғұбайдуллина экологиялық турларды ұйымдастырумен айналысады. Кейде мынадай дау естіп жатамыз: біреулер «экологиялық туризм табыс әкелуі тиіс» дейді. Ал екіншілері «ішкі туризм, әсіресе, жастар туризмі қоғамға онсыз да үлкен пайда әкеліп жатыр, себебі онымен айналысатын жастар салауатты өмір салтын ұстанады» дейді. «Ондай жастар ішімдіктен, есірткіден, қылмыс атаулыдан аулақ жүреді. Патриотизмнің дамуына мұрындық болады. Бұл жерде азаматтардың жабайы табиғатты емін-еркін аралауға деген конституциялық құқығының сақталуы мен экономиканың туристік секторын пайда көзіне айналдыру қажеттігі аралығындағы тепе-теңдікті сақтай білу өте маңызды.

Евгений Сидельников пен Наталья Боровая бірнеше жылдан бері Қара Үбі өзенінің жағасында орналасқан шағын туристік базаны дамытумен айналысып келеді. Евгений бұл жерде сонау Кеңес одағы кезінде промхоздың кәсіби аңшысы болып жұмыс істеген.

Бағдарламаны толық көріп шығуға кеңес береміз!