Шарын шатқалына саяхат

Бағдарламамыздың бүгінгі шығарылымында Шарын ұлттық паркімен танысамыз және Шарын өзенінің бастауынан оның Іле өзеніне құяр сағасына дейін барып қайтамыз. Шарын қарлы таулардан бастау алып, тау етегіндегі жасыл алқапты басып өтеді де, жартасты жерлерде терең шатқалдар қалдырып, шөл даламен асықпай ағып барып, Іле өзеніне құяды.     

Outdoor World командасы ең қызықты деген туристік локацияларды аралай жүріп, барған жерінің бәрінде экологиялық туризмнің не екенін сұрауды әдетке айналдырды.