Шарын шатқалы

Алматы облысындағы саяхатымыз әрі қарай жалғасуда.

Бағдарламаның бұл бөлімінде жер бетінде пайда болғанына 25 миллионнан астам жыл өткен, реликті соғды шағаны тоғайына барамыз. Оған қоса, Алматы облысындағы ең әдемі жерлердің бірі – Шарын шатқалы туралы ежелден келе жатқан аңызды әңгімелеп береміз.