1945 жылғы 9 мамыр. Берлиннің шетіндегі қазақстандықтар. Соғыстан кейінгі Қазақстан

1941-1945 жылдар. Қиян-кескі шайқастардан, жеңістер мен жеңілістерден тұратын 4 жыл. Тылдағы әйелдер мен балалардың күні-түні тынбай еңбек етуімен өткен 1 418 күн. Майдан даласында мыңдаған жауынгер қаза тапты. Қаншама бейбіт халық қырғынға ұшырады.

Бұл мейрамға жету үшін төгілген көз жасында есеп жоқ және ол күнді жақындатуға қазақстандықтар көп үлес қосты.