Айсұлу Әбдікерім: Отаным – Қазақстанға оралып, цирк өнерінің дамуына үлес қосып келемін

Цирк. Бұл – кино немесе театр саласынан өзгеше, өресі биік өнер. Жалпы қазақ циркінің тарихы тым тереңнен бастау алады. Кезінде алып күш иесі Қажымұқан атамыздың өзі осы циркте өнер көрсетіп, түрлі трюктерімен елді таң қалдарған. Одан кейін Балуан Шолақ та цирк өнерінің үздік үлгілерін көрсеткен.

Бүгінде елімізде цирк өнерін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен мән беріліп жатыр. Салаға білікті мамандар тартылып, оларға тиісті жағдай да жасалған. Айталық, 2005 жылы Монғолиядан қоныс аударып, бірден Елордадағы Астаналық циркке орналасқан Айсұлу Әбдікерім қазір түрлі экзотикалық құстарды қолға үйретумен айналысады.

Айсұлу Әбдікерімнің негізгі мамандығы – балетмейстер. Ол би өнерінің қыр-сырына Алматы қаласындағы өнер ордасында қаныққан.