Шавкат Рахмонов: Қаным қазақ болғандықтан, тек Қазақ елінің намысын қорғаймын!

Бүгінгі таңда, UCF тұжырымында өнер көрсетіп жүрген – Хабиб Нұрмағамбетов, Конор Макгрегор секілді жойқын жұдырық иелері аралас жауынгерлік жекпе-жекте әлемді дүр сілкіндіріп жүр. Олар сегізбұрышқа шығып, қарсыласына сес көрсеткенде, селт етпейтін адам кемде кем. Енді олардың қатарына жаңа есім қосылды. Ол – қазақстандық Шавкат Рахмонов.

Аралас жауынгерлік жекпе-жек шебері – Шавкат Рахмонов, қазақстандық спортшылар арасынан алғашқы болып, UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Отандық жұдырықты жігіттер бұрын-соңды мұндай дәрежеге жеткен жоқ. Сондықтан Рахмоновтың жетістігі қазақстандық аралас жауынгерлік жекпе-жек тарихындағы айтулы оқиға.

Шавкат басқа елге бармаймын деп, тегін айтып отырған жоқ. Өйткені ол Өзбекстаннан тарихи отаны – Қазақстанға 2010 жылдары қоныс аударған этникалық қазақ. Яғни, оның қаны қазақ болғандықтан, жүрегі де қазақ деп соғады.