Киім өндірісі: Әлемде және Қазақстанда

Қазір дүкендерде киімнің түрі көп, әркім өзінің қалағанын таба алады. Дайын көйлек немесе костюмді таңдау да, сатып ала салу да оңай. Бірақ дизайнерлік киім кигенді немесе арнайы тапсырыспен тіккізгенді жақсы көретіндер бар. Сонда біздің костюмдеріміз қалай тігіледі? Бұл жұмыс бұрын қалай жасалатын еді? Бүгінгі әңгімеміз – киім өндірісі туралы болмақ.    

Киім өндірісінің заманауи технологиясын көпшілікке арналған және жеке үлгілер деп, екіге бөледі. Бірінші түрге жататын киім цехтар мен модельдік үйлерде, белгілі бір өлшем кестесі бойынша, көп етіп шығарылады. Ал екіншісі – жеке адамның тапсырысымен, арнайы шеберханаларда тігіледі. Тапсырыспен тігілген киім, негізінен, жалғыз дана болуы тиіс.