ИЗО – сурет өнеріндегі костюм

Әлемде  алғаш пайда болған өнердің бірі – көркемсурет. Қай халықтың болсын басынан өткен тарихи сәттерден осы өнер арқылы хабар ала аламыз. Суретшінің картинасынан адамның тұрмыс-тіршілігін, сыртқы пішінін, өмір салтын көреміз, сондай-ақ, костюмдердің тарихымен де танысамыз. Қай түс императордың түсі болып саналған? Схенти деген не? Сақтардан қандай киім үлгісі қалды? Осы және өзге де қызықтарды Oriental vintage бағдарламасының осы шығарылымынан көре аласыздар.