Құлақ тесу дәстүрі

Әшекейсіз үйден шықпайтын әйелдер қауымы біле ме екен, адамзат тарихында әшекей атаулыны бірінші болып ер азаматтар таққан әрі ол киімнен бұрын пайда болған. Қазір ғой, тек сән көрсетілімдерінде ғана жігіттер зергерлік дүниені мойнына іліп шығады. Ал әу баста бәрі басқаша болған. Сонымен, ерлер таққан алғашқы әшекей қандай? Қазақ халқының бертінге дейін ұлының құлағын тесіп, сырға салуының сыры неде? Көшпенділердің алтыннан гөрі күмісті бағалауының астарында не жатыр? Егжей-тегжейлі тоқталамыз.