Алексей Лодочников: Менің жеткен жетістігім қазақ тілі мен домбыраның арқасы

«Егер балалар үйі болмаса, мен қазақ тілін білмес те едім, домбырада ойнап, Димаш Құдайбергеновпен бірге үлкен сахнада тұрып Елбасының алдында өнер көрсетпес те едім», – дейді музыкант Алексей Лодочников

Алексей Лодочников – 22-дегі жас музыкант. Домбырада ойнайды, ән жазады. Актер ретінде сериалдың түсіріліміне қатысқан. Қазақстанның «100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы.