Ғаламат және Нұрәлі Бейсеқожа – музыкадағы жаңа есімдер

Ғаламат Бейсеқожа – композитор, домбырашы. 30-ға жуық күйдің авторы. Республикалық Абай және Махамбет оқуларының жүлдегері. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандырылған музыкалық қазақ мектеп-интернатының оқушысы.

Нұрәлі Бейсеқожа – пианист, композитор. 14 жаста. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандырылған музыкалық қазақ мектеп-интернатының оқушысы. 100-ден астам классикалық туындының авторы. Қазақстандағы ең жас композитор.