Стрит-арт суретшісі Ержан Танаев

Ержан Танаев – стрит-арт, граффити суретші. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжін, Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген. Tigrohaud Crew командасының мүшесі. Суретші өз жобаларын бүкіл Қазақстан бойынша ірі қалаларда табысты жүзеге асыруда.