Сергей Советкиннің өмірлік ұстанымы

Сергейдің өмірде ұстанатын өз қағидалары бар. Бірінші, өз отбасын жақсы көру – маңызды. Екінші, қиындықтарға ұшырасаң да тоқтап қалмау. Үшіншісі, алдыға жаһандық міндеттер қою және «мен бұған лайық емеспін» деген уайым мен үрейді жеңу.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Сергей Советкин – кәсіпкер, IT-технологияларының маманы, психолог және медиатр. Digital жарнама қызметтерін ұсынатын компанияны басқарады. 2017 жылы Сергей басқаратын кәсіпорын «Google» компаниясының әріптесі деген мәртебеге ие болды. «Web Frankenstein» кітабының авторы.