Қазақстан Қарулы Күштерінің жаңа буыны – Мейірбек Меңдіғалиев

Мейірбек Оразұлы Меңдіғалиев – аға лейтенант. Құрлық Әскерлерінің Әскери Институтының үздік түлегі. Тәрбие құрылымдарының офицері. «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы. Қоян-қолтық ұрыстан 1 дүркін, таэквандодан 3 дүркін республикалық чемпонаттың жеңімпазы. Әскери саладағы еңбек өтілі – 7 жыл. Армия генералы «Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов» медалімен, Мәскеу шеруінің қатысушысы  медалімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген ол кішкентайынан әскери адам болуды армандаған. Әкесі ішкі істер органының офицері болған. Сондықтан болар әкесінің қызметтік формасын, фуражкасын киіп алып, таяғын ұстап, жолға шығады екен. «Отан қорғау – өмірлік жолым шығар», - дейді ол. Мақсаты – халқымызға бір тамшы болса да үлесін қосу.