Зарина Сауытбаева. Өз ісін тапқан адам

Зарина Сауытбаева - биодәрігер. Назарбаев Университетінде оқытушы. Ұлыбританияның Манчестер университетін бітірген. Ғылыми қызығушылықтары онкология саласындағы зерттеулермен байланысты. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады. Сонымен қатар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық тізіміне енген.