Азамат Ешмұхамбетов: креативті ой – әлемдегі ең қымбат өнім

Азамат Ешмұхамбетов – өнертапқыш ғалым, мехатроника және робототехника салаларының маманы. «Болашақ» бағдарламасы бойынша грантқа түсіп, Ұлыбританиядағы «Newcastle» университетінің тіл мектебінде оқып келді. Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Құрал жасау» бойынша доктор дәрежесін қорғады. Азамат Ешмұхаметов күн сайын күрделі мәселелердің шешімін іздейді. Болашақта қазақстандық робототехника мектебін ашып, жоғары технологиялық секторды бағындыратын көптеген мамандар тобын тәрбиелемекші. Ғалым өзінің жаңалығы жүз мыңдаған адамның өмірін жеңілдетеді деп армандайды.

×