Сергей Калмыков – түсті геометрия магистрі, әйгілі костюмер

Жер мен Галактиканың бірінші дәрежелі данышпаны, түсті геометрия магистрі, әйгілі костюмер. Болмысы мен шығармашылығы ерекше суретші Сергей Иванович Калмыков өзін осылайша сипаттайтын. Елуінші-алпысыншы жылдардағы алматылықтар оның өзгеше киім кию үлгісін ұмытпаған болар. Үстіне алқызыл баулар мен консерві құтылары тігілген етегі ұзын плащ, басына ерекше бас киім не берет киіп, құрал-сайманы мен қылқаламдары бар кенеп матадан тігілген дорбасын иығына іліп алып жүретін.