Олег Белялов – Қазақстан табиғатын шексіз сүйген дарынды фотограф

Бұл бағдарламада өнертанушы Екатерина Резникова Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында өткен қазақстандық фотограф Олег Беляловтың көрмесі жайлы әңгімелейді. Мәдени шараның «Жандүние географиясы» деп аталуы бекер емес. Фотосуреттерге қарап, Қазақстан табиғатын шексіз сүйген дарынды фотограф Олег Беляловтың табиғат пен сұлулыққа деген көзқарасын түсінуге болады. Бағдарлама қонақтары – фотографтар Николай Постников пен Владислав Якушкин.