Пейзаж бен ландшафтың шебері атанған суретші – Жаңатай Шәрденов

Бүгінгі бағдарламамыз ҚР Халық суретшісі Жаңатай Шәрденовтің шығармашылығына арналады. Жаңатай Шәрденов – Қазақстанның XX ғасырдағы бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Пейзаж бен ландшафтың шебері атанған ол отандық бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші. Қазіргі қылқалам шеберлері мен өнер сүйер қауым Жаңатай Шәрденовті жаңа буын суретшісі деп таниды. Көзі тірісінде оның есімі әріптестер мен өнертанушылар арасында ғана белгілі болатын. Басқа суретшілер Шәрденовтың қайталанбас ерекше бейнелеу мәнері жайлы жақсы білген.

Қылқалам шебері пастозды бейнелеу тәсілі мен қазақтың ұлттық қолөнерін үйлестіре алды. Текемет пен сырмақтардағы ою-өрнектер керемет туындыларына арқау болды.

Бағдарлама қонағы – өнертану ғылымдарының кандидаты Әмір Жайдабаев.