Әлемдегі көкпар клубтары

Көкпаршы болу үшін не істеу керек? Көкпарды ұлттық ойынымыз деп ұлықтағанмен, елімізде кенже дамып келе жатыр. Осы уақытқа дейін көкпар егемен елімізде өз көрерменін таппай, көпшілік назарынан тыс әлсіз насихатталып келді. Сол себепті де көкпар ғылыми тұрғыдан зерттеліп, жан-жақты дамыған жоқ. Соның салдарынан көкпаршы палуанға физикалық тұрғыдан қандай жаттығулар керек екені әлі күнге дейін нақтыланбаған.