Шыңғыс хан – «Әлемді дүр сілкіндіруші»

Шыңғыс хан. XIII ғасырда бұл есім Еуразия халқының жартысының жанын түршіктіретін. Шөкімдей ғана әскермен монғолдар техникасымен де, мәдениетімен де өздерінен оқ бойы озып кеткен елдерді қалай жаулап алды? Шыңғыс хан жаулап алған халықтың бәрін тек қырып-жоюмен, езіп-жаншумен ғана айналысты ма?

1206 жылы жазда өткен құрылтайда Темүжін Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғыс ханға айналды. 20 жылдық азаматтық соғысты аяқтап, Шыңғыс хан жаңа бір соғыстың қамына кірісті. Саны жағынан өзінен әлдеқайда көп Қытайға қарсы қалайша шабуыл жасамақшы болған?