Көшпенділер мәдениетіндегі әйелдің орны

Кез келген дәстүрлі қоғамдағы әйелдің ролін бағалау қиын. Ол адал жар, мейірімді ана, бір шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағын жағатын адам. Ал енді осының бәрін үздіксіз көшіп жүріп жасайтын әйелді елестетіңіз. Қазіргі қала халқына немесе әдеттегі өзге халықтардың әйел қауымы үшін көшпелі әйелдің өмірі тұрған азап болып көрінеді.

Көшпелілер халқында қыз бой жетеді, от анасы, шаңырақтың ұйытқысы болуға дайындалады, әйелдің басты міндеті осы екенін түсінеді. Әйелдер де жұмыс істеуі керек, эмансипация деген нәрселердің бәрі Батыстан келді. Ал негізі әйел заты үшін ана болу және үй шаруасын істеу қалыпты жағдай.

Көшпенділер қоғамындағы әйелдердің алған орны қандай? Көшіп-қону барысында әйел адамның өмірі қалай ұйымдастырылған?