Константин Куксин «Көшпенділер мәдениеті» туралы...

Нағыз көшпенділер - бұл көшпелі малшылар. Оларды кезбелермен шатастырмау керек.

Көшпенді малшылар үнемі бір бағдармен көшіп қонып отырады. Жұрт оларды басы ауған жаққа көшеді де жүреді деп ойлайды. Негізі олай емес. Олар өз жерлерінің аумағынан аспайды. Әдетте көктемгі, жаздық, күздік және қыстық жайылымдарды ғана ауыстырып отырады. Көшпенділер өзге ауылдың жайылымына қол сұқпайды, 10-15 шақырымдық кең алқапты бойлап жүреді. Бірақ қанша ғасырлар өтсе де олар жүретін бағдарларын бұзбайды.