Жұмақын Қайрамбаев – қазақ бейнелеу өнерінің шебері

Жұмақан Қайраңбаевты қазақ бейнелеу өнерінің классигі қатарына жатқызамыз. Оның картиналарының барлығы жақсыдан өнеге алуға бағытталған, нақыл сөз, өмір жолы, суретшіні алаңдатқан ойлар, қоршаған ортаның түсінігі секілді пәлсапалық эсселерден тұрады. Қылқалам шебері тек өзінің ғана жанына жақын картианаларды салады. Оның күн шапағына малынған Алатау бөктері, тау етегіндегі ауыл, сәйгүліктің үстінде желмен жарысып шауып бара жатқан жігіттің бейнесі сияқты тамаша көріністерді арқау еткен натюрморт, портрет, табиғат көріністері жетерлік. Суретшінің Абылайхан, Абай, Құрманғазы сияқты атақты портреттері де өнертанушылардың тарапынан каноникалық деп танылған.