Зейнеп Түсіпова туындыларындағы шынайы тұрмыс-тіршілік

Ол Қазақстанның өнер әлеміне өткен ғасырдың 70 жылдары айрықша аңғарымпаздығы, тақырыпқа деген адалдығы, реңдерді үйлестіре білетін ғажап дарындылығы және нағыз кескіндемешіге тән өзіндік ерекшелігімен келген болатын. Оның жеке тұлғасын – талантты,  өжетті  және еңбекқор  деп үш ұғымға бөліп сипаттауға болады. Ол кішкентайынан Репин, Суриков, Кузнецов сияқты орыс классиктерінің туындыларын бойына сіңіреді. Француздың Сезанн, Тулуз-Лотрэктың шеберліктеріне тәнті болады. Оның жұмыстарынан суретші жүрегінің кең қазына екендігін аңғартқандай боласың.  Суретші қолданған сыршыл бояулар табиғи нәрсеге жақын болса, ал оның жүрегінен орын алған  тақырыптар  көшпенді бабаларынан қалған еңбектермен  астасып жатыр. Бүгінгі бағдарламамыздың кейіпкері – нәзік жанды қылқалам шебері – Зейнеп Түсіпова.